Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Семей қаласында сайлау учаскесінде сайлаушыларға наурыз көже, бауырсақ ұсынылуда

19-03-2023, 07:28 Думан Кенжеғазыұлы

Наурыз көже, шашу және ыстық бауырсақтармен Семейдегі №84 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерді қарсы алды. Учаскенің ашылуына зейнеткерлер, студенттер және барлық белсенді қала тұрғындары келуде.№84 учаске Семей қалалық мәдениет сарайында орналасқан, онда бір кездері көптеген қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Сайлаудың алғашқы минуттарында аға буын бата беріп, әсем әуен шырқалды. 

«Барша семейліктерді бүгінгі сайлауда белсенді дауыс беруге шақырамын. Біз жаңашылдыққа қадам бастық. Бүгінгі күн ертеңгі тарих. Жастарымыздың болашағы жарқын болуы үшін, әділетті қоғамды құру үшін, дәл осындай саяси науқанға белсене қатысуымыз керек», - деп атап өтті Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице- президенті Орал Шәріпбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде 232 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді.Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19–ы жабық, 22 - сі ауылдық округтерде орналасқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив