Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.58 549.71 5.01

Сенат және мәслихат: Қазақстандағы аймақтық басқаруды дамыту жөнінде барлық өңірдегі мәслихатқа арналған бірлескен тренинг өткізілді

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның барлық өңіріндегі мәслихат депутаттары мен олардың аппарат қызметкерлеріне арналған тренингтер өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен мәслихаттар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру – осы шаралардың басты мақсаты болды. Оқытуға шамамен 2000 адам қатысты.

Тренингтердің мақсаты – біліктілікті арттыру, сайлаушылармен, мемлекеттік органдармен және Парламентпен өзара іс-қимылды жақсарту болып отыр. Оқыту аясында депутаттардың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, Парламент депутаттарымен ынтымақтастық және азаматтармен тиімді байланыс орнату сияқты ауқымды тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, экологиялық мәселелер және жергілікті инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.

Тренингтер Парламент Сенатының қолдауымен, сондай-ақ Парламентаризм институты, Парламентаризмді дамыту қоры және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі сияқты бірқатар әріптестердің қатысуымен өтті. Талқылау барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнама, мәслихаттарды қаржыландыру, үкіметтік құрылымдармен өзара іс-қимыл және рәсімдерді жетілдіру жөнінде маңызды мәселелер қаралды. Бұл бастамалар мәслихаттардың мемлекеттік басқарудағы рөлін арттыруға және жергілікті билік пен халық арасындағы негізгі байланыс буыны ретіндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив