Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.58 549.71 5.01

Қазақстанда үш жәрдемақы тағайындау процесі жеңілдетіледі

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әлеуметтік-еңбек саласындағы үш мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр.

Ол үшін адами факторды алып тастауды және осы қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылады. Осылайша, оларды ұсыну бойынша операциялық процестер 7 жұмыс күнінен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Жаңа тәсілмен көрсетілетін қызметтердің қатарына: «Қазақстанның Еңбек Epi» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Халық Қаһарманы» атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; «Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша төленетін айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау».

«Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бірлескен бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Төмендегі сілтеме бойынша бұйрық жобасымен танысып, өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15324040.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив