«Қазақстан халқына» қоры «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту» жобасын кеңейтеді
«Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді дамыту мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Қор ауылдарда білім беруге қол жеткізу мен білім сапасын арттыру шеңберінде іске асыратын жобалар туралы хабарлады.
Оның айтуынша, алдымен Қордың қолдау көрсете алатын бағытын анықтау үшін білім беру саласындағы ағымдағы проблемаларға талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ең осал тұс – ауылдағы білім, себебі мектептердің 71% (5 245) ауылдық мектеп, олардың жартысы – шағын жинақталған мектептер (2564 мектеп).
Шағын жинақталған мектептерде білікті мамандардың жоқтығы, материалды-техникалық базаның ескіруі сияқты факторлар білім сапасының төмендеуіне әсер етеді.
«Барлық қазақстандық балалар үшін сапалы білім алу қолжетімді болу керек. Осы мақсатта қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы бастау алды. 3 жыл ішінде 135 тірек мектебі құрылды, 2025 жылы 56 мектеп жоспарланған. Барлығы 191 тірек мектеп болады. Тірек мектептерін жабдықтауға Қор 33,5 млрд теңге бөлді. Біз барлық жобаларымызды серіктестермен бірлесіп жүзеге асырамыз», — деп мәлімдеді Болат Жәмішев.
«Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Білім беруді тұрақты дамыту қоры» ҚҚ жобасының операторы жобаны жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – әдіснамалық сүйемелдеуді, облыс әкімдіктері мектептердің инфрақұрылымын (жөндеу, интернет) қамтамасыз етеді.
ШЖМ дамыту үшін «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы іске асырылды.
«Жобада барлығы 12 серіктес болды, олардың әрқайсысы оны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосты. «Қазақстан халқына» ҚҚ қаражаты есебінен жалпы сомасы 1 819 023 136 теңгеге 134 шағын жинақты мектеп жарақтандырылды», — деді спикер.
Балалардың санына байланысты жабдықтың 2 түрі болды:
- 80-нен астам бала контингенті бар 21 ШЖМ-де 2 кабинет: онлайн оқытуды, робототехника бойынша сабақтарды ұйымдастыруға арналған «цифрлық» кабинет және биология, химия, физика пәндері бойынша ғылым пәні кабинеті жабдықталған.
- 80-нен кем балалар контингенті бар 113 ШЖМ-де онлайн оқытуды ұйымдастыруға, робототехника және биология, химия, физика пәндері бойынша сабақтар өткізуге арналған 1 әмбебап кабинет.
Жобаны іске асыру барысында оқу процесін ұйымдастырудың 4 моделі сыналды, 12 мың онлайн-сабақ өткізілді.
Жобаның нәтижелері, сыртқы мониторинг, ұстаздардың пікірлері төрт модельдің ішіндегі ең тиімдісі екінші модель екенін растады, мұнда ШЖМ-де сабақты цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, тірек мектептің мұғалімі жүргізеді.
«Бірқатар облыстың әкімдіктері ШЖМ дамыту бойынша жобаны кеңейтуге қызығушылық танытуда. Біздің Қор осы бастамаларды құптайды және ШЖМ саны ең көп Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жобаны кеңейтуге қатысуға дайын. Мысалы, Қостанай облысында 19 аудан бар, олардың әрқайсысында бір тірек мектеп жұмыс істеп тұр, оларға 3 магниттік ШЖМ бекітіледі, бұл шамамен 60 мектеп. Қор осы мектептерде 2 кабинеттен – онлайн оқытуға арналған кабинет пен «ғылым кабинетін» қажетті жабдықтармен жабдықтауға дайын», — деп атап өтті Б. Жәмішев.
Апробация аяқталды, нәтижелері бар:
- онлайн оқытудың ең тиімді моделі анықталды,
- цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді,
- педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламалары сыналды, яғни әдіснамалық негіз, барлық іс-қимылдардың алгоритмі бар.
«Сондықтан Оқу-ағарту министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылығымен облыстар жобаны әр өңірдің Білім басқармалары мен Әдістемелік орталықтардың күшімен кеңейте алады. Біз өз тарапымыздан білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірін шешуге үлес қосуға дайынбыз», — деп түйіндеді «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.