Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.58 549.71 5.01

Абай облысында терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.

Терроризмге қарсы комиссияның 4-тоқсанның қорытындысы бойынша отырысына облыстың барлық аумақтық мемлекеттік органдарының басшылары мен мүшелері, басқарма басшылары қатысты. Қала мен аудан әкімдері бейне-конференция арқылы қосылды.

Комиссия отырысында жастарды терроризм мен экстремизмге тартудың жолын кесу, «2021-2025 жылдарға арналған ҚР Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» және «2024-2026 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі Жол картасын» іске асыру мәселелері қаралды.

«Қазіргі жағдайда діни экстремизмнің ел азаматтарының санасына ену қаупіне тиімді қарсы тұру мақсатында ақпараттық кеңістікте, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде қазақстандық қоғамның ұлттық дәстүрлерін белсенді насихаттау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізудің қажеттігі мен маңызын ерекше атап өткім келеді. Діни экстремизм көріністеріне төзбеушілік бала жастан қалыптасуы керек. Ал оның негізі отбасы мен мектепте жатыр», - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы сондай-ақ барлық мемлекеттік органдардың зайырлы және діни иммунитетті қалыптастырудағы бірлескен күш-жігерінің және діни радикализмге төзбеушіліктің маңызын атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы, республика бойынша барлық терроризмге қарсы комиссиялардың жұмыс нәтижелерін алдын ала бағалау бойынша біздің облыстың мемлекеттік органдарының жұмысы алдыңғы қатарда екені айтылды, – деді отырысқа қатысқан Қазақстан Республикасы ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Жанат Нутпаев. 

Сонымен қатар, «тәуекел топтары» деп аталатын, яғни жұмыссыздар, еңбек мигранттары, маргиналды жастар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару қажет.

Облыстың терроризмге қарсы комиссиясының отырысында іс-қимылдардың тиісті ұсынымдары мен бағыттары әзірленіп, нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив