Еңбекмині Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын жетілдіреді
Мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы ведомство басшысының бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат 18 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Бұйрықтың жобасы сырттай проактивті куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесін кеңейтуді көздейді. Оған айқын гипотензия және бұлшықет әлсіздігі, тұрақты жалпыланған гиперкенездер, айқын үйлестіру бұзылыстары және т.б. сияқты аурулар енгізіледі.
Сонымен қатар, құжатта он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік мерзімсіз немесе 5 жылға белгіленетін аурулар мен жағдайларды енгізу көзделген. Мысалы, көру өткірлігінің 0,04-тен 0,08-ге дейін төмендеуі, жақсы көрінетін көзде түзетумен және/немесе жақсы көрінетін көзде көру өрісінің барлық бағыттарда бекіту нүктесінен жақсы көретін көзде 20 градусқа дейін тарылуында мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленеді, ал қатерлі ісік кезіндегі жойылмайтын нәжіс, зәр шығару жыланкөз жаралары, стомалары кезінде мерзімсіз белгіленеді.
Сондай-ақ, бұйрық жобасында тіршілік тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын адам денсаулығы мен функцияларының бұзылуын неғұрлым егжей-тегжейлі бағалау үшін жұмыс істеудің халықаралық жіктемесінің ережелері енгізілді.
Жоғарыда аталған өзгерістер мүгедектікті белгілеу рәсімін жеңілдетуге, сондай-ақ осы қызметті ұсыну сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Құжатпен «Ашық НҚА» порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15324605.
3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні екенін естеріңізге саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда 732,1 мың мүгедектігі бар адам тұрады.