Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

Нұртөре Жүсіп «Әлеуметтік әмиян» туралы: Біз баршаға қолжетімді әлеуметтік қолдау жүйесін құрып жатырмыз

5-12-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысы аясында «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу және азаматтардың осал топтарына арналған әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру жөніндегі мәселелер талқыланды. Шараға еңбек және әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және басқа да салалық мекемелердің өкілдері қатысты.

«Әлеуметтік әмиян» жобасы әлеуметтік саясатты жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Біз тиісті көмек әрбір мұқтаж адамға жетуі мен қаржының мақсатты түрде пайдаланылуына көз жеткізуге тырысамыз. Бұл бізге қаржыны мақсатсыз пайдаланудан аулақ болуға және оның бөлінуіне бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл жоба Қазақстандағы әлеуметтік қолдаудың неғұрлым әділ және ашық жүйесіне негіз болуға тиіс», - деп атап өтті депутат.

Кездесуге қатысушылар «әлеуметтік әмиян» арқылы оқушыларға тегін тамақтану және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларды талқылады. Бұл ата-аналарға тамақтану сапасын бақылауға, ал мемлекетке қаржының жұмсалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Нұртөре Жүсіп отырысты қорытындылай келіп, «әлеуметтік әмиян» жобасының нәтижелі іске асуы неғұрлым әділ және тиімді әлеуметтік саясатқа апаратын жолдағы маңызды қадам екенін атап өтті. Ол бұл тетікті одан әрі дамыту барлық мұқтаж жандарға мемлекеттік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететінін және оны бөлу процесін барынша ашық және мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив