Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

«Өңір» тобындағы депутаттар орман алқаптарын ұлғайту және экологияны қорғау мәселелерін талқылады

5-12-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы болды және онда еліміздің өңірлеріндегі орман алқаптары мен саябақтарды сақтау мәселесі талқыланды. Шара еліміз Президентінің экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи ресурстарды сақтау жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қазақстанның орман және экологиялық шаруашылығының алдында тұрған басты проблеманың бірі – қаржыландырудың жеткіліксіздігі. Жағдайды өзгерту үшін техника мен инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ ғылым мен білім беруді дамытуға ауқымды инвестиция қажет. Дегенмен, ормандарды сақтауға инвестиция салу тек шығын емес, еліміздің тұрақты болашағына жасалатын стратегиялық қадам болып табылады. Азаматтардың ормандарды қалпына келтіруге белсенді қатысуына жағдай жасау, ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, экологиялық ұйымдармен ынтымақтастық пен қоғамдық бақылауды дамыту маңызды. Бұл қоршаған ортаны қорғауда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі», - деп атап өтті Амангелді Толамисов.

Қатысушылар отырыс барысында орман алқаптарын ұлғайту, орман өртімен күрес және заңсыз ағаш кесудің алдын алу шаралары сияқты өзекті мәселелерді талқылады. 2 миллиард ағаш отырғызудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Оның аясында 2021 жылдан бері 839 миллионнан астам көшет отырғызылды.

Сенатор Серік Шайдаров еліміз экологиясын одан әрі жақсартудағы осы кездесудің маңызды екенін атап өтті.

«Қазақстан экологиясын жақсартуға жасалған маңызды қадам – Арал теңізі аймағындағы орман мелиорациясы, ормандарды қорғау және ұлттық саябақтарды дамыту мәселелеріне арналған отырыс болып отыр. Біз жаңа ормандар өсіру жоспарын ғана емес, сонымен қатар оларды сақтаудың жолы болып табылатын өрттен қорғау инфрақұрылымын әзірлеуді де талқыладық. Мұндай шаралар экологияны қорғаудағы кешенді тәсіл үшін маңызды. Енді ары қарайғы жұмыс қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға әкелетініне сенімдіміз», - деді депутат Шайдаров.

Отырыс қорытындысы бойынша еліміздің экологиясын жақсарту, сондай-ақ орман және экологиялық шаруашылыққа инвестиция тарту жөнінде жаңа ұсыныс әзірлеу мақсатында нақты қадамдар келісілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив