Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Сенатор Нұртөре Жүсіп ҚМДБ өкілдерімен бірге рухани құндылықтарды сақтау мәселесін талқылады

5-12-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Тектілік – асыл қасиет» тақырыбы бойынша өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған болатын. Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Қазақстандағы толерантты қоғамның рухани құндылықтары мен қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы туралы айта келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

«Еліміздің Президенті Қазақстандағы моральдық-рухани құндылықтарды сақтау қажеттігіне ұдайы баса назар аударып отырады және ол біздің ұлттық ерекшелігімізбен тығыз байланысты. Бүгінгі конференция Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызды бағыты болып отыр және үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі құндылық-мағыналық саланы дамытуға бағытталған маңызды кезең болып табылады», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сарапшылармен және алаңды ұйымдастырушылармен пікірталас барысында Қазақстандағы ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, мәдени ұйымдар және азаматтардың өздерімен қоса қоғамның түрлі секторының кешенді көзқарасы мен өзара іс-қимылын талап ететін маңызды міндет екенін атап өтті. Сонымен қатар, депутат «тектілік» тақырыбына жеке тоқталып, бұл жомарттық, адалдық, жанқиярлық, жанашырлыққа қабілеттілік және басқаларға ешқандай пайдасыз көмектесуге дайын болу сияқты қасиеттердің жиынтығы екенін және бұл Мемлекет басшысының «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасына толық сәйкес келетінін атап өтті.

«Асыл адам өзінің игі істері үшін сыйақы күтпейді, ол тек өзінің ішкі ар-ожданы айтқандай әрекет етеді. Бұл үйлесімділікке, әділеттілікке және бейбітшілікке ұмтылатын адам, ол өзін төменге түсуге жол бермейді. Бірақ, мүмкін, тектіліктің ең маңыздысы – ең қиын жағдайда адамгершілікті сақтай білу, азғыруға берілмеу, тіпті бұл үлкен батылдықты қажет етсе де ар-ожданға нұқсан келтірмеу», - деді сенатор.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив