Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
472.48 550.06 6.59

Әуезов білім ордасындағы №58 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

19-03-2023, 09:02 Думан Кенжеғазыұлы

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі N58 сайлау учаскесінде де дауыс беру жүріп жатыр.

Мұнда 2107 сайлаушы, 9  сенімді өкіл және бақылаушы тіркелген.

Колледждің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша 3 курс студенті Айшагүл Әскерғазина  алғаш рет дауыс беруге қатысып отыр.

- Мен бүгін алғаш рет сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым. Сайлау маңызды мәселелерді шешудің алғашқы тетігі деп ойлаймын. Сайлауға келіп дауыс беру әрбір Қазақстандық  азаматтың міндеті деп білемін. Әрбір отандасымыз еліміздің болашағы үшін, кемел келешегіміз үшін таңдау жасауы керек. Сіздерді де сайлауға келіп, дауыс беруге шақырамын,- дейді Айшагүл Әскерғазина.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив