Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.54 637.09 6.52

Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздары марапатталды

6-12-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының және «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздары марапатталды.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы негізінде арнайы комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.

Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, «Игі істер марафоны» жобасы 2024 жылғы 9 шілде мен 1 желтоқсан аралығында ұйымдастырылды. Марафон аясында 7 мыңнан астам игі іс жасалды, ал оның қатысушыларының саны 50 мың адамға жуықтады.

Іріктеу нәтижесінде 20 үміткер жеңімпаз атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив