Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Семейдегі сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар жандар өз таңдауларын жасады

19-03-2023, 10:03 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдегі сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана алуы үшін жағдайлар жасалған.

Дауыс беру орындарында мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін ескеретін жекелеген мүмкіндіктер көзделген. Семейде сайлау учаскелері барлығы арнайы құлаққаптармен жабдықталған. Сайлау туралы ақпарат трафареттерде брайль шрифтімен қол жетімді. 

Сонымен қатар, қосымша жарықтандыру мен үлкейткіштер орнатылған. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда сурдоаудармашылар жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүгінде қалада ерекше қажеттіліктері бар сайлаушыларды тұрғылықты жері бойынша учаскеге баруы мен кері қайтуы үшін 11 инватакси бар.

Сонымен қатар, қалада үйде дауыс беру үшін учаскелік комиссияның жұмысы ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив