Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Өңірде алғашқы ҚХА «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясы ашылды

8-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы «Ес-Аймақ» рухани орталығында ҚХА «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясының ашылу рәсімі өтті. 

Аталған бастама жастар арасында бірлік, татулық және өзара құрмет құндылықтарын насихаттауға бағытталған. 

Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, студенттер және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Ашылу салтанатында Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев жастардың қоғамдағы рөлі мен оларды қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

– Ассамблея – тек бірліктің белгісі ғана емес, әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін болашаққа жеткізетін алтын көпір. «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясының ашылуы – қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам, – деді ол өз сөзінде.

Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы аясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы да талқыға салынды. Іс-шараға арнайы келген «Ассамблея жастары» республикалық ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаевтың баяндауынша, бүгінде еліміздегі жастардың жобалары мен бастамаларын қолдау мақсатында жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарында студенттік ассамблеялар құру қолға алынған.

– Абай облысы бұл бастаманы жүзеге асыруда көш бастап тұр. «Ассамблея жастары» бүгінде Ассамблеяның заманауи брендіне айналды. ЮНЕСКО да ұйымды жаһандық жастар қауымдастығына қосуға дайын екенін растады, – деп атап өтті ол.

Шара аясында республика бойынша бірінші болып  «Шаңырақ» Студенттік Ассамблеясының куәліктері ЖОО мен колледжерге табыс етілді. Сондай-ақ, белсенді студенттік ұйымдар Абай облысы мәслихатының алғыс хатына ие болды.

Ал жиын соңында қатысушылар этноинтерактив форматында өткен «ЭтноGame» ойынына қатысып, татулық пен келісім тақырыбында пікір алмасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив