Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

8-12-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымының (ЭЫДҰ) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторингтің бесінші раундын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері салаға қатысты ұлттық заңнаманы және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық  және  даму ұйымымен ықпалдастыққа баса назар аударатынын атап өтті. Бұл ұйымның жоғары стандарттары экономиканың түрлі салаларымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін де қамтиды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсыныстарын жүзеге асыруға және аталған беделді халықаралық ұйыммен байланысты одан әрі нығайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив