Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қытайда Жібек жолы археологиясы мен мәдени мұраны қорғау тақырыбында халықаралық семинар өтті

9-12-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен мамандар қатысып, мәдени ынтымақтастықтың болашағы мен археологиялық және тарихи деректерді бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылады.

Семинар аясында пленарлық отырыстар өтіп, онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иран, Түрікменстан, Израиль және Ресей ғалымдары баяндамалар жасады.

Қазақстандық өкілдер «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көпжылдық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Сарытоғай сайында табылған ерте көшпенділердің мәдени кешені туралы баяндады.

«Рахат» ескерткішінде, «Есік» музей-қорығында және Шанси археологиялық институтында жүргізілген бірлескен жұмыс туралы деректі фильм дайындауға баса назар аударылды.

Бұл сапар археология және музей ісі саласындағы жаңа бірлескен жобаларды құру және ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив