Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметі қорытындыланды

9-12-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Ұстаным» пікірталас клубының қорытынды отырысы аясында «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту орталығының қызметін ұйымдастыру» стратегиялық әріптестігін іске асыру қорытындылары талқыланды.

Отырыста жоба қатысушылары атқарған жұмыстарын, қол жеткізген көрсеткіштерін таныстырып, басқа өңірлермен тәжірибе алмасты.

Биыл азаматтар арасында ең өзекті мәселелер бойынша «Ұстаным» клубының 6 отырысы өткізілді. Барлық өңірлерде 2 мыңнан астам адамға консультациялық көмек көрсетілді. Әлеуметтік желілерде 275 материал жарияланды. Сондай-ақ 20 тікелей эфир ұйымдастырылып, арнайы подкаст құрылды.

Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар өкілдері үшін төрт көшпелі семинар және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар үшін екі семинар өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив