Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады

11-12-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Primeminister.kz сайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет.

Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті.

Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілді.

«Электронды үкімет» платформасын жетілдіру және жаңғырту процесі үздіксіз және үшінші нұсқаға көшудің белсенді кезеңінде. Жаңа eGov ЖИ технологияларын қолдану арқылы айтарлықтай тұрақты әрі ыңғайлы болады. 

Қазақстан Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдермен электронды үкімет саласындағы озық шешімдерін бөлісе бастады. Мемлекет тіркеуден бастап компанияларды таратуға дейінгі қолдаудың толық циклін қамтамасыз ете отырып, бизнес үшін де осындай сервистерді әзірлейді. 

IT саласындағы инновациялар 

2024 жылы Қазақстанның IT саласы қарқынды өсімді көрсетті. IT-компаниялардың саны 18 683-ке жетті. Соңғы үш жылда 16% өсім. Мәселен, елімізде «Astana Hub» халықаралық технология паркі жұмыс істейді. Бүгінде ол Қазақстандағы IT-стартаптарды дамыту орталығы ретіндегі рөлін айқындады. Технопарк 1,5 мыңнан астам қатысушыны біріктірді. Олардың ішінде 1102 қазақстандық және 437 шетелдік компания бар. Қатысушылардың жалпы табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Өсім соңғы бес жылда 31 есе артты. Биыл экспорттық түсім 140 млрд теңгеден асты. Төрт жылдағы жылдық өсім де 10 еседен астам. Осылайша, «Astana Hub» өңірдегі жетекші технопарк ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Инновациялық экожүйенің негізгі элементі – аймақтық хабтардың дамуы. Бүгінгі таңда бүкіл еліміз бойынша осындай 18 алаң жұмыс істейді. Олар жергілікті стартаптар мен кәсіпкерлікті дамытуға белсенді ықпал етеді. Стартаптар мен IT индустриясын дамыту жөніндегі барлық бағдарламалар аймақтық IT-хабтар үшін қолжетімді. Осыған сәйкес, өңірлік хабтар дарындарды ашуға және күшті инновациялық экожүйені құруға ықпал ететін Қазақстандағы IT-индустрияны дамытудың маңызды драйверіне айналуда.

Қазақстанда IT-саланың әлеуетін толыққанды ашу үшін «Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» құрылды, онда IT-мамандарға, инноваторларға және ғылыми қайраткерлерге мемлекеттік қолдау шараларының көпшілігі шығарылды. Портал мемлекеттік қолдау шараларын бөлудің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Бүгінде оны жыл сайын жарты млн-нан астам адам пайдаланады. Портал EGOV секілді бірыңғай терезеге айналды деп айтуға болады.

Сонымен қатар әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды мамандарды тарту үшін жағдайлар жасалуда. АХҚО базасында Экспат орталығы жұмыс істейді. Ол шетелдік мамандар үшін мемлекеттік қызметтерді алудың бірыңғай терезесі ретінде қызмет етеді.

IT қызметтерін экспорттау 

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты қарқынды өсімді көрсетіп отыр. 2023 жылы оның көлемі $529 млн-ға жетті, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш $305 млн-нан асты. Яғни, Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай IT-қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы сенімді түрде орындалуда.

Ол үшін Қазақстанда жетекші сарапшылар мен инвесторлар тартылатын түрлі акселерациялық бағдарламалар жүргізілуде. Осылайша, коммерциялық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді.

Сонымен қатар халықаралық желі де кеңейіп келеді. Қазір АҚШ, Сауд Арабиясы және Сингапурда үш шетелдік IT-хаб табысты жұмыс істеуде. Осы бастамалардың барлығы дарындардың басын қосуға көмектеседі әрі қазақстандық стартаптарға халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Айта кетейік, Қазақстан қазірдің өзінде жасалған венчурлық мәмілелер көлемі бойынша өңірде көшбасшы саналады. Маңызды инвестицияларды CITIX, Hero's Journey, Higgsfield AI және басқа да компаниялар салды. Осы компаниялардың кейбірі қазірдің өзінде $100 млн бағалауға қол жеткізді. Шын мәнінде, Қазақстан өңірдегі инновациялардың негізгі орталығына айналуда.

Бүгінде Қазақстаннан IT-қызметтер 86 елге экспортталады, бұл отандық компаниялардың жоғары сұранысы мен жаһандық деңгейде табысты бәсекелесу қабілетін растайды. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур. 

 IT-мамандарды даярлау 

2024 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54%-ға өсіп, 673 мың теңгеге жетті, бұл білікті кадрларға және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларына жоғары сұранысты көрсетеді. IT-саладағы жұмыспен қамту 12%-ға артып, 187 мың адамға жетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында жеке IT-мектептерді ынталандыру арқылы 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Жеке IT-мектептер ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындады. Бұл бағыттағы жұмыс еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз ету шеңберінде жүргізілуде. Айтпақшы, басқа салалардан IT саласына ауыса алған Tech Orda бағдарламасының түлектерінің сәтті мысалы да аз емес. 

Жасанды интеллектіні дамыту 

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында тұрақты даму үшін жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізудің маңызын атап өтті. Осыған байланысты, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды:

  - саланың дамуын үйлестіретін ЖИ комитеті құрылды;

  - 2024-2029 жылдарға арналған ЖИ дамыту тұжырымдамасы бекітілді;

  - ЖИ туралы заң жобасы әзірленді, ол одан әрі өсу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана қаласында Жасанды интеллект орталығын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталықтың миссиясы өңірдің түкпір-түкпірінен дарындарды тарту арқылы Қазақстанның ЖИ-трансформациясына жәрдемдесу. Жыл сайын мыңдаған мамандарды, жүздеген стартаптарды және жасанды интеллект саласындағы ондаған ғылыми жобаларды дайындау жоспарлануда.

Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп оқушыларына арналған TUMO креативті технологиялар орталығын қосқанда, білім беру жобаларын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ биылғы қазан айында ЖИ саласындағы мамандарды даярлау үшін өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі Tomorrow School ашылды.

Сонымен қатар Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстанда KazLLM жеке тілдік моделі әзірленуде. Ол қазақстандық компаниялар әзірлейтін бірқатар технологиялық шешімдер үшін негіз болуға тиіс. Бұл шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, әсіресе ұлттық мүдделерді, дербес деректерді қорғау және еліміздің идеологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Өз тілдік моделін қолдану IT-қызметтердің ішкі нарығын дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда жиналған 148 млрд таңбалауышта модельдік жаттығулар белсенді жүргізілуде.

Айта кету керек, оның негізінде ЖИ негізінде өнімдер жасалуда. Бұл eGov, E-otinish және заң көмекшісі сияқты бағыттардағы IT-көмекшілері.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив