Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Президент Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының қызметімен танысты

11-12-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Медициналық нысанда жылына 8200 нәресте дүниеге келіп, 13 мыңнан астам адам ем алады. Сонымен қатар «Аңсаған сәби» жобасы аясында жылына 130 ЭКҰ жасалады. Ал ерте араласу орталығында 200 бала оңалту шараларымен қамтылады.

Президентке орталықта туа біткен сырқаты бар нәрестелерге 50 кардиохирургиялық және офтальмологиялық ота жасалғаны туралы мәлімет берілді.  Орталық ашылғанға дейін мұндай диагнозы бар сәбилер Астана қаласында емделген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекемеде жыл басынан бері жүзеге асырылып жатқан «Бір күндік клиника» жобасы таныстырылды. Аталған бастама қанмен берілетін ауруларды ерте бастан анықтауға көмектеседі. Осы жоба аясында бүгінге дейін 6 мың әйел медициналық тексеруден өткен.     

Мемлекет басшысы мекеме қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив