Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды

11-12-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самар ауданының әкімі лауазымына Жеңісов Серік Жеңісұлы тағайындалды.

Ол 1983 жылы 27 қарашада Катонқарағай ауданында дүниеге келген.

2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде жетекші маман ретінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив