Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.34 607.18 6.62

Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр

12-12-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Ландау қаласында (Германия) Қазақстан мамандарына арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша оқыту тренингі өтіп жатыр. Бұған Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі бастамашы болды.

Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар.

Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара іс-қимыл әдістеріне, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына оқытылуда.

Сонымен қатар шетелдік сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың германиялық ODARA жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесін бөлісуде, ол озық елдерде кеңінен қолданылады. Бұл профилактикалық жүйе пилоттық режимде Қазақстанның бірнеше аймағында енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив