Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

АШМ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлайды

19-03-2023, 15:16 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрлігі АШМ жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына, сондай-ақ мемлекет қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттарының жобаларына сараптама жүргізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарлайды.

Бiрлестiктер мен ұйымдар аккредиттеуге қатыса алады.

Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші Министрлікке келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларына, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Мемлекеттік органдарда қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады. Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органда аккредиттелуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидаларының, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 6-тармағында көзделген құжаттар топтамасын ұсынатынын хабарлаймыз.

Министрлікке аккредиттеуді алу үшін құжаттардың толық пакетін мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 3 кіреберіс, каб.303 (Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті).

Аккредиттеу алу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 2023 жылғы  20 наурыздан 5 сәуірге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 555-904, ұялы.телефон: 8778-788-17-14.

почта: kalkamanovna.d@minagri.gov.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив