Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді

16-12-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Семей қаласына келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесуде министр өңір экономикасындағы оң серпінді атап өтіп, өнеркәсіп өнімі экспортының өткен жылмен салыстырғанда 46% - ға өскенін атап өтті.

Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Биыл қалалық 8 жобаны жүзеге асыруға 2,3 млрд теңге, ал ауылдық жерлердегі 16 жобаға – 3,8 млрд теңге бөлінді.

Министр сондай-ақ өнеркәсіпті білікті кадрлармен қамтамасыз ету жайында да айтты. Ағымдағы жылы машина жасау, металлургия, химия өндірісі және құрылыс индустриясы сияқты салалар үшін 13 кәсіби стандарт әзірленді. Алдағы екі жылда тағы 141 стандартты әзірлеу жоспарлануда.

Жұмыс сапары барысында министр бірқатар өнеркәсіп және құрылыс нысандарын аралады. Қарағайлы шағын ауданында силикат кірпіштен салынған 9 қабатты тұрғын үйлерді көрді. Биыл облыста 404,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 3,8 мың отбасын тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға 12,5 млрд теңге қарастырылған.

Бұдан әрі Қанат Шарлапаев Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «ЭЙКОС» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС, «Семей тігін фабрикасы» ЖШС, сондай-ақ «Қазполиграф» ЖШС және «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болды.

Облыс аграрлық аймақ саналғанымен өнеркәсіптік әлеует жоғары. Өңірде өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Тек тау-кен өнеркәсібі 1,1 трлн теңге көлемінде қамтамасыз етіп, өсім өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4% құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив