Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал тақырыбында халықаралық конференция өтті

16-12-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» тақырыбында V халықаралық конференция өтті.

Іс-шарада спикерлер Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру шеңберінде жүргізілген әлеуметтанушылық зерттеулердің қорытындыларымен және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға бағытталған жұмыстармен бөлісті.

Айта кетейік, ашықтық пен айқындық қағидаттарын тиімді іске асыру мақсатында биылғы сәуір айынан бастап «Қоғамдық бақылау туралы» ҚР Заңы заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің мүшелері 2025 жылы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты құрамы 80%-ға жаңартылмақ. Осыған орай Қоғамдық кеңестің 3 мыңнан астам мүшесінің қатысуымен 20-ға жуық оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.

Конференцияға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, БҰҰ-ның Жаһандық коммуникациялар департаментінің, халықаралық және қазақстандық қоғам қайраткерлерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив