Нұртөре Жүсіп «Егемен Қазақстан» газетінің 105 жылдығына арналған форумға қатысты
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 105 жылдығына арналған «Егеменнің елдік жолы» форумына қатысты.
«Егемен Қазақстан» газеті – бұл жай ғана ақпараттық ресурс емес, Тәуелсіз Қазақстан тарихының маңызды бөлігі. Ол еркін баспасөзді қалыптастыру мен еліміздің саяси, экономикалық және мәдени келбетін өзгерткен тарихи оқиғаларды жария етуде маңызды қызмет атқарды. 105 жыл ішінде революциялық оқиғалар мен кеңес дәуірінен бері Тәуелсіздікке, қазіргі мемлекеттің қалыптасуына дейінгі елеулі өзгерістердің куәсі және қатысушысы болды. Қазақстанның журналистикасы мен саяси мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосты», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Сенатор талқылау барысында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға бағытталған мемлекеттік реформалар туралы айта келіп, медиа-саясат саласындағы реформалар ұлттық мүдде мен сөз бостандығын қолдайтын тұрақты медиа орта құруға көмектесетінін атап өтті. Ол реформалардың маңызды аспектілері цифрлық технологияны дамыту, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және азаматтар арасында медиа-сауаттылықты арттыру болып табылады.
Депутат сондай-ақ маңызды жұмысы үшін журналистерге алғысын білдірді және шығармашылық табысқа жетуге тілектестігін жеткізді. Қоғамдық пікірді қалыптастыру мен ұлттық бірегейлікті сақтауда олардың қызметі маңызды рөл атқаратыны қазақстандық қоғамда әрқашан сұраныс пен құрметке ие екені атап өтілді.