Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Ұлттық тасымалдаушы жаңа «Вагоннан вагонға ауысу» қызметін енгізді

19-12-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық тасымалдаушы bilet.railways.kz сайтында жолаушыларға бір пойыздың ішінде орын ауыстырып, билет сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты. Жоба интермодальды тасымалдарды дамыту аясында Ұлттық тасымалдаушы мен неміс мамандары Deutsche Bahn-мен бірлесе жүзеге асырылды.

Қызметті пайдалану тәртібі:

1. Жолаушы bilet.railways.kz сайтына кіреді.
2. Бағыт пен сапар күнін таңдайды.
3. Тікелей билет болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде пойыз+пойыз немесе вагон+вагон ауысу қызметтерін ұсынады.
4. Балама нұсқаларды қарау үшін «Вагоннан вагонға ауысу» бөлімін таңдау қажет.
5. Ұсынылған нұсқалардың ішінен бір пойыз аясындағы қолайлы билет нұсқасын таңдайды.
6. Билетті рәсімдеу үшін жолаушы қажетті жеке ақпаратты толтырады.

Мәселен, жолаушы 28 желтоқсан күні Астана-Алматы бағытына билет сатып алуды жоспарлайды. Алайда бұл бағытта орын болмаған жағдайда жолаушы әуелі Астана-Ағадыр бағытына билет сатып алып, кейін Ағадыр-Алматы бағытына сол пойыздың басқа вагонынан билет рәсімдей алады.

«Вагоннан вагонға ауысу» қызметі жолаушыға бір пойызда орын ауыстырып, екі бөлек билет арқылы межелі станция — Алматыға дейін жетуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін іске қосылған «Пойыздан пойызға ауысу» қызметі жолаушыларға балама бағыттарды пайдалану мүмкіндігін ұсынып, жоғары сұранысқа ие болды. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив