Елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидалары бекітілді
Қазақстан Республикасының Өсімдіктер дүниесі туралы Заңына сәйкес, елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту, өсімдіктер дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілтті органның құзіреті болып табылады.
Осыған орай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 62 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 31996 болып тіркелген) бұйрығымен елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік қағидалары бекітілді және жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған үлгілік қағидалардың негізінде елді мекендерде жасыл екпелер жасау, оны күтіп-баптау және қорғаудың ережелерін жергілікті атқарушы орган әзірлейді.
Бұл қағида мемлекеттік орман қоры учаскелерінде, сонымен қатар республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, жеке тұрғын үй, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
Анықтама: Бұдан бұрын жасыл екпелер жасау және оны қорғау бойынша қағидалар «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен белг3ленген болатын.
Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес ағаш кесу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлікабаттандыру объектілерінде жою;
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту
қажеттілігі;
5) адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне енгізілген жасыл желектерді кесуге рұқсат бермейтінін атап өту қажет.
Бұдан басқа, ағаштарды кесуге рұқсат алған жағдайда, кесу жүргізген азаматтар мен заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қалпына келтірілетін ағаштарды он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.
Бұдан басқа, ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге өтемдік отырғызу және күтіпбаптау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды өз штатында көгалдандыру саласындағы мамандары бар көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.
Өтемдік отырғызу кезінде бір жылдық көшеттерді пайдалануға жолберілмейді.