Сенаторлар жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырды
Сенатта Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының ұйымдастыруымен «Салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы болды.
Сенатор Сергей Карплюк отырысты аша келіп, экономикалық және әлеуметтік процестерді басқару құралы ретіндегі мемлекеттік салық саясатының маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында әзірленген жаңа Салық кодексіндегі жаңа тәсілдерді қарау осы шараны өткізудің басты мақсаты болып табылады. Бұл сараланған салық мөлшерлемесіне көшу, жаңғыртуды көздейтін пайдадан КТС-ты азайту, салық пен төлемдер санын 20%-ға төмендету, салықтық бақылауды цифрландыруды қамтамасыз етуге мейлінше күш күш салу және салық жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да шаралар сияқты тәсілдерді іске асыру», - деді ол.
Отырыс барысында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов сөз сөйлеп, жаңа Салық кодексінің жобасына енгізілген негізгі жаңалықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол салықтық әкімшілендіруге қызмет көрсету үлгісін енгізу, жеке тұлғаларды тіркеу әрекетін жеңілдету және заңды тұлғаларды тарату үдерісін оңтайландыру болып отыр. Сонымен қатар, салық салудағы қауіптерді басқарудың жаңа тәсілі мен бизнеске әкімшілік қысымды едәуір төмендететін камералық бақылау тетіктерін жетілдіруге назар аударылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин өз кезегінде өзгерістердің негізі кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау мен фискалдық әкімшілендіру сапасын арттыруға ұмтылу екенін атап өтті.
Сенаторлар дөңгелек үстелдің қорытынды ұсынымдары Салық кодексінің жобасын одан әрі пысықтау кезінде ескерілетінін атап өтті. Ол салық жүйесін жаңғырту және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы маңызды қадам болып табылады.