Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Абай облысының «Үздік баспасөз қызметтері» анықталды

27-12-2024, 17:26 018.kz

Бүгін «Abay Media Group» ЖШС жыл бойы белсенді жұмыс атқарған бірқатар мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларын марапаттап, олардың еңбектеріне құрмет көрсетті.

Жыл қорытындысы бойынша Абай облысы Полиция департаментінің, Абай облысы Білім басқармасының, Семей қаласы әкімдігінің және Еңбек мобильділігі орталығының баспасөз қызметтері үздік деп танылды.

«Сіздердің атқарған еңбектеріңізді ешкім жоққа шығара алмас. Сол себепті өздеріңізге облысымыздың ақпарат саласына қосқан еңбектеріңізді ерекше атап өтіп, компания атынан ыстық ықыласымызды білдіреміз», - деді «Abay Media Group» ЖШС директоры Мирас Малғаждаров.

Компания атынан үздік деп танылған баспасөз хатшыларына «ABAI ELI BRAND» дүкенінен сертификат, арнайы естелік белгіше мен диплом табыс етілді.

Бұл марапаттар ақпарат саласында белсенді жұмыс істеп жүрген мамандардың еңбегін ынталандыруға және олардың кәсіби қызметін жоғары бағалауға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив