Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
487.02 552.23 6.51

Қала әкімі аға буын өкілдерімен кездесті

28-12-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов ардақты аға буын – зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Қазақ қоғамында аға буынның орны қашан да айрықша. Олар – елдің рухани тірегі, ұлттың ұйытқысы және халқымыздың мақтанышы. Елдің бірлігі мен ынтымағы зиялы қауымның парасаты мен ауызбіршілігінен бастау алады.

Кездесу барысында қаланың өркендеуі мен қоғамның дамуы жолында маңызды мәселелер талқыланып, алдағы жоспарлар жайлы ой бөлісті.

«Мен үшін аға буынның ақыл-кеңесі мен қолдауы әрқашан маңызды. Алдағы уақытта да сіздермен бірлесе отырып, игілікті істерді жүзеге асырамыз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізде толағай табыстар тілеймін», – деді Талғат Мұратов.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив