1000 асығы бар Нұраян
Абай облысы Ақсуат ауданындағы Қожагелді батыр атындағы мектептің 7-сынып оқушысы Нұраян Амантай асық жинаумен айналысады. Ол екі жыл ішінде қойдың, тоқтының, ешкінің 800-ге жуық асығын жинаған. Қазір бұл санды 1000-ға жеткізуді жоспарлап жүр.
Ол көпбалалы отбасының баласы. Отбасында 6 бала бар. Әкесі Нұржан Бегенов - интернатта оператор, анасы Назгүл Жумаханова – «Күміс алқа» иегері. Үй шаруасына көмектесіп, ата-анасына қолқанат болудан да қалысқан емес.
Нұраян асық ойнаумен қатар спортпен де айналысады. Ол бокстан жасөспірімдер арасындағы аудандық жарыстарда жүлдегер атанған. Сонымен қатар математикаға қызығушылық танытып, болашақта құқық қорғау саласында жұмыс істемек арманы бар.
Асық жинауды хоббиіне айналдырған Нұраян ұлттық құндылықтарды құрметтеуде қатарластарына үлгі болып жүр.