Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды

16-01-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүгедектігі бар азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.

«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника. Мұндай техника еліміздің басқа қалаларында қолданыста бар. Бірақ олар шетелде шығарылған. Ал, біздегі амбу-лифт отандық өнім. «STAHLBAU» ЖШС құрастырған техника облыстық әкімдіктің қолдауымен сатып алынды. Бүгін алғаш рет «Алматы-Семей» бағытындағы жолаушылар үшін сынақтан өткізіп көрдік. Енді күнделікті жұмыс істейтін болады», - дейді әуежай директоры Ғазизбек Саматов.

Амбулаториялық лифт – мүгедектігі бар азаматтарды әуе кемесінің бортына отырғызуға және түсіруге арналған. ҚР заңнамасының талаптары және халықаралық стандарт бойынша барлық әуежайларда міндетті түрде осындай мамандандырылған арнайы техника болуы тиіс.

Өткен жылдың соңында әуежай облыс әкімдігінің қолдауымен 110 адамды тасымалдауға арналған заманауи автобусқа қол жеткізген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив