Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Қала әкімі Орталық саябақтың жағдайымен танысты

16-01-2025, 09:45 Талшын Қалиасқар

Қала әкімі Талғат Мұратов жұмыс сапарымен Семей қаласындағы Орталық саябаққа барды. Сапар барысында саябақтың бірқатар мәселелерімен танысты. Бүгінде демалыс орны абаттандыру жұмыстарын қажет етуде. Семей тұрғындары мен қонақтарының демалысы үшін саябақтар мен қоғамдық кеңістіктер маңызды рөл атқарады.

«Орталық саябақтың сәулеті мен табиғаты қала келбетіне ерекше әсемдік қосады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен маңызға ие жер. Саябақтар демалатын орын болғандықтан алдағы абаттандыру жұмыстары сапалы болуы керек. Көзбен көрген кезде әдемі ғана емес, нағыз демалатын орын болуы тиіс», - деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Орталық саябақта абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив