Семейде төтенше жағдайлардың алдын алу үшін арнайы оқу-жаттығулары өтеді
Семей қаласы әкімдігінде Талғат Мұратовтың төрағалығымен төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға бөлім, Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, «Семей Водоконал» МКК, «Теплокоммунэнерго» МКК басшылары, мердігерлер және т.б. қатысты.
Отырыс барысында «Крещение Господне» мерекесін қауіпсіз өткізу, су тасқыны кезеңіне дайындық, 2025 жылғы шомылу маусымына жағажайлар құру, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне гидротехникалық құрылыстардың жағдайы қаралды.
«Алда көктем мезгілі келе жатыр. Су тасқыны кезеңіне дайын болу үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, олар өздеріне жүктелген міндеттерді нақты орындауы тиіс. Сонымен қатар, су арналарын тазалау, арық жүйелерін қалыпқа келтіру және Ертіс өзенінің жағасын нығайту жұмыстары басты назарда болуы қажет. Тиісті мекемелерге жүктелген міндеттерді толыққанды орындауды тапсырамын», - деді әкім.
Сонымен қатар Талғат Мұратов төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өткізуді тапсырды.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіТЖ министрі Юрий Ильин негізгі суға кету себептерін атады