Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
529.65 544.64 5.16

Қаланың шет аймақтарының мәселелелері өз шешімін табуда

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Мұрат және Бобровка саяжай массивтерінде электр желісі 30 жылға жуық уақыт бойы мәселе болып келген. Бұл жағдай тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп, көптеген қиындықтар туғызған. Алайда, қазір бұл мәселе шешімін тауып, электр желілерін тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Осы мәселе аясында қала әкімі тиісті мердігерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында екі саяжайға қосымша тағы 1000 электр бағанасы орнатылып, жобаға өзгеріс енгізілген болатын. Бүгінде Мұрат саяжайына 6 трансформатор орнатылған. Алдағы уақытта Бобровка саяжайына 12 трансформатор орнатылмақ.

«Осыған дейін Мұрат және Бобровка саяжайларының тұрғындарымен кездесіп, арыз-шағымдарын тыңдаған болатынмын. Халыққа электр желілері өте қажет. Тұрғындардың сұранысы бойынша жұмыстарды жеделдетіп, қажетті инфрақұрылымды құруға бар күшімізді салып жатырмыз», – деп атап өтті қала әкімі.

Еске сала кетейік, осыған дейінде қала әкімі саяжай массивтерін тұрақты электрмен жабдықтау мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін атап өткен еді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив