Қазақстанда жоғары технологиялық дрондар өндірісі жоспарлануда
Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.
Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.
Бүгін ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталатын болады.
Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі