Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Жетісуда полиция трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

20-01-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді. 

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

– Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 кг мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

– Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қуандық Әлжанов.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив