Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге қала мәселелері талқыланды
Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов қоғамдық кеңес отырысына қатысып, кеңес мүшелерімен бірге қаладағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Отырыс барысында жарықтандыру, спорт, абаттандыру, желтоқсаншылардың жағдайы, т.б. мәселелер көтерілді. Кеңес мүшелері осы саладағы жұмыстарды жетілдіру және тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге байланысты өз ұсыныстарын білдірді.
«Сіздерге қала дамуындағы белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамын. Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біздің жұмысымызды жақсартуға көмектесіп, тұрғындардың игілігі үшін маңызды шешімдер қабылдауға бағыт береді», - деді қала әкімі.
Қазірде қоғамдық кеңес халық пен билік арасындағы маңызды байланыстың бірі болып отыр. Талғат Мұратов кеңес өкілдерінің пікірін ескеріп, диалогқа ашық екенін жеткізді.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы