Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды

21-01-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті.Мемлекеттік стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады. Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив