Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Абай ауданы Көкбай ауылында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр

31-10-2026, 15:50

Ауылдың дамуы ең алдымен оның тұрғындарына қолайлы жағдай жасау, әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру және халыққа қажетті нысандардың қолжетімділігін арттырумен өлшенеді. Бұл бағытта Көкбай ауылында бірқатар құрылыс және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Спорт модулі, өрт сөндіру бекеті, ауылдық кітапхана, мешіт және тұрғын үйлер құрылысы – елді мекеннің әлеуметтік тынысын кеңейтуге бағытталған маңызды жобалар.

Аталған жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы Көкбай ауылына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында бірнеше құрылыс алаңын аралап, мердігерлермен және жауапты тұлғалармен кездесіп, нысандардың қазіргі жағдайына назар аударды.

Алдымен аудан басшысы спорт модулінің құрылыс алаңына барды. Мұнда атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, мердігер мекеме өкілімен құрылыс кезеңдері талқыланды. Ауылда спорт нысанының бой көтеруі тұрғындар, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды. Өйткені спорттық инфрақұрылымның қолжетімді болуы балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, дене шынықтырумен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары аясында қайта жаңғыртылып жатқан өрт сөндіру бекетінің жағдайы да назардан тыс қалмады. Аудан әкімі нысанды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Өрт сөндіру бекетінің талапқа сай жабдықталып, тиісті деңгейде жұмыс істеуі – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызды. Төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін мұндай нысандар елді мекеннің қорғаныс әлеуетін арттырады.

Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен «Жаңа клуб» жобасы аясында жаңғыртылып жатқан ауылдық кітапханаға барды. Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, ауылдың мәдени және рухани өмірінің маңызды орталығы. Оның жаңаруы тұрғындардың білім мен ақпаратқа қол жеткізуіне, балалар мен жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Бұдан бөлек, аудан әкімі мешіт құрылысының барысымен танысты. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан қос пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көрді. Тұрғын үй мәселесі – ауыл тұрғындары үшін өзекті әлеуметтік бағыттардың бірі. Мұндай жобалардың жүзеге асуы баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдауға және елді мекеннің әлеуметтік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Жалпы, Көкбай ауылында қолға алынған жобалар бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Бірі – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, екіншісі – спорт пен мәдениетті дамытуға, енді бірі – баспана мәселесін шешуге бағытталған. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы ауылдың алдағы дамуы үшін маңызды.

Жұмыс сапарының қорытындысында аудан әкімі құрылыс нысандарындағы жұмыстардың сапасына баса назар аударып, белгіленген мерзімдердің сақталуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ауыл әкіміне барлық құрылыс жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, жауапты мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

Ауылдағы әрбір жаңа нысан – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды нысан. Сондықтан құрылыстың уақытында аяқталуымен қатар, оның сапалы орындалуы да басты назарда болуы тиіс. Көкбай ауылында жүзеге асып жатқан жобалардың нәтижесі де ең алдымен халықтың игілігінен көрінбек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив