Абай облысының ТЖМ құтқарушысы NAIZA 86 турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алды
2026 жылғы 1 қарашада Павлодар қаласында өткен NAIZA 86 турнирі Абай облысының өкілі үшін айтулы жеңіспен аяқталды. Чемпиондық белбеу сарапқа салынған жекпе-жекте Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Сайран Сұнғатұлы Сағындықов қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Бір салада адам өмірін құтқарса, екінші бағытта спорттық шеберлігін танытып жүрген Сайран Сағындықовтың бұл жеңісі – табандылық пен еңбекқорлықтың нәтижесі. Чемпиондық белбеу оның спорттық жолындағы маңызды белес болып, алдағы жаңа жеңістеріне жол ашсын!
Тағыда оқыңыз
Президент Түркияға көмекке барған құтқарушыларды марапаттадыҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫӨткен тәулікте қар құрсауынан 300-ге жуық адам құтқарылды және эвакуацияландыҚазақстанның ТЖМ құтқарушылары өткен үш тәулікте қар құрсауынан 242 адамды құтқарды және эвакуацияладыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»



