ОҚКА ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ХИРУРГТАРЫ ЕШ КЕСУСІЗ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ АНЕСТЕЗИЯСЫЗ НАУҚАСТЫ ҚҰТҚАРДЫ
Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда науқас түсті.
Жедел жәрдем бригадасы науқасты іштің аорта аневризмасының жыртылу және ретроперитонеалді гематома белгілерімен жеткізді.
Науқастың жағдайы өте ауыр болды - гемоглобин деңгейі мен қан қысымы айтарлықтай төмендеп, оның өміріне қауіп төндірді.
Шұғыл түрде компьютерлік томография жасалды, ол жыртылған аневризма мен ретроперитонеалді гематоманың болуын растады. Дәрігерлердің консилиумынан кейін жоғары технологиялық ота - стент-графтты имплантаттау туралы шешім қабылданды.
Ота сәтті өтті. Ол 3 сағатқа созылды және жергілікті анестезиямен жүргізілді, бұл жалпы анестезиямен жасалатын дәстүрлі ашық араласумен салыстырғанда аз травматикалық әдіс. Шап аймағы арқылы шағын қолжетімдікті пайдалану үлкен кесусіз жасалады, бұл оңалту кезеңін едәуір қысқартады және науқастың денесіне жүктемені азайтады
Отаны қан тамырлары хирургтары Сұлтан Илиев пен Дәулет Алдакешев жүргізді. Олардың кәсібилігі мен озық технологияны қолдануының арқасында науқастың жағдайы тұрақтанды, ол өзін жақсы сезінеді және үйге шығуға дайындалып жатыр.
Отаның бұл түрі жоғары технологиялық әдіс әрі қымбат ота түрі. Құны шамамен 5 миллион теңгені құрайды, алайда ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін орындалды, бұл азаматтар үшін сапалы медицинаның қолжетімдігін тағы да растайды.
Бұрын мұндай жағдай ашық ота көмегімен ғана емделіп, отадан кейінгі ауыр кезең және ұзақ қалпына келтірумен сипатталған.
Бүгінде заманауи әдістерді қолдану науқастардың денсаулығына аз қауіп төндіріп, оларлың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.