Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері №31 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Ұлт саулығы еліміздің негізгі приоритеті аясында «Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі» атты маманмен кездесу өткізді.
Шара басында кітапханашы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы - адам. Бұл - айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп айқындап бергенін атап өтті.
Тек салауатты өмір салты мен жақсы нәрсеге ұмтылу, жастарға өмірлік мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретіні айтылып, өйткені жастар кез-келген елдің, кез-келген қоғамның дамуы мен өркендеуінің маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады.
Шара қонағы «Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» ММ-нің маманы Гульнар Токановна Кыдырманова, халықтың денсаулығын сақтау және нығайту әрқашан еліміздің мемлекеттік саясатының басымдылығы болып табылатыны, ал оның болашағы ең алдымен кемел, дені сау, бақуатты ұлтта екенін атап өтті.
Қазір бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастағаны айтылды. Смартфондарды ұзақ пайдаланудың арқасында баланың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, қоршаған ортаға назар аударуы қиынға соғып, балалар есте сақтау, көру, сөйлеу қабілетін жоғалтып жатқаны атап өтілді.
Қатысушылар салауатты өмір салты ұғымы мен адам денсаулығына кері әсер ететін факторларды талқылап, өз пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында адамға өмір бір рет берілетіні, ал адамның әрқашан өз денсаулығын сақтауға мүмкіндігі бар деген қорытынды жасалып, кітапхана қорындағы денсаулық және салауатты өмір салты мәселелері бойынша әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып аяқталды.