Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әскери-тарихи музей Наурыз мейрамына арналған көрме өткізді

24-03-2023, 09:35 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік әскери-тарихи музейде Ұлыстың Ұлы күні – күн мен түн теңелетін көктем мерекесіне арналған экспозиция таныстырылды.

Көрменің басты мақсаты – дәстүрлі нақышта безендірілген киіз үй үлгісі болды. Қабырғалары ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген қазақы үйдің кестелі сырмақтары, оюлы текеметтері, оған қоса музыкалық аспаптар мен қалқан, қылыш, жебе сияқты бес қарулары еріксіз көз тартады.

– Наурыз – жаңару мерекесі. Тақырыптық экспозиция ата-бабаларымыздың тарихымен танысып, мәдениеті мен тұрмысы туралы кеңірек дереек алуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы Ләззат Әлжан.

Музейге келушілер үшін киіз бен кенептен жасалған бұйымдар, мүсіндер мен ағаш фигуралар қойылған. Ұлттық киім үлгілері, сондай-ақ ежелгі зергерлердің қолынан шыққан әйелдердің сәндік бұйымдары көз тартады.

Авторлардың "Бостандық", "Көктем", "Қарлығаштар", "Ұзату", "Қобыз", "Той", "Сұлу қыз" сияқты жұмыстары келушілерге көңіл-күйін мерекелік сыйлайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив