Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Абыройы жоғары театрдың көлік жүргізушісі

11-05-2024, 09:42 018.kz

Джамбаев Бейсенбек Абешұлы 1965 жылы Көкпекті ауданында дүниеге келген. Көкпекті ауданы, Биғаш совхозында орта мектепті бітіріп, әскер қатарында болған.  Алғашқы еңбек жолын өзінің туып өскен ауылында автобус жүзгізушісі болып бастаған.

2001 жылдан бері 23 жыл бойы Семей қаласының «Дариға-ай» жастар театрында көлік жүргізуші болып қызмет атқарып келеді.

2001 жылы қызметке кіргеннен бастап кәсіподақ мүшесі.
Театр ұжымының алдында абыройы жоғары, жауапкершілігі мол азамат. Ол «Дариға-ай» театрының тату тірлігін, берекелі бірлігін арттыруға сүбелі үлес қосып, ұжымның жоғары дәрежедегі жетістіктерге жетуіне аянбай еңбек етіп келеді. Бейсенбек алыс-жақын елді мекендерге гастрольдік іс-сапарларға шыққанда еңбекті, тәжірибені, аса қырағылықты, төзімділікті, сонымен қоса жолаушылардың, жаяу жүрушілердің де өміріне жауаптылықты  талап ететін жолда күн-түн демей ешқандай да қиындық тудырмай өз жұмысын абыроймен атқарады. Бейсенбек Абешұлы сондай өз мамандығын жетік меңгерген тәжірибелі азамат.

Көп жылғы адал еңбегі үшін Бейсенбек Абешұлы Семей қаласы әкімінің, облыс әкімінің, «Қазақстандық  салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ облыс филиалының Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.

Отбасында жары Гүлнар екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырған ардақты әке, сүйікті жар, аяулы ата.

Өз кәсібіне адал Бейсенбек Абешұлының деніне саулық, басына амандық, отбасына береке-бірлік, жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив