Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
527.58 546.15 5.29

Десантшылар Алматы облысындағы ауылды су басу қаупінен сақтады

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Елдің оңтүстік-шығысында күннің жылы болуы таудағы қардың еруіне себеп болды. Алматы облысының Іле және Қарасай аудандарының шекарасындағы Жармұхамбет ауылына су басу қаупі төнді. Су тасқынына қарсы іс-шараларда тәжірибесі бар Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді.

Жармұхамбет ауылында шамамен 10 000 адам тұрады. Өткен аптада ауа-райы жылы болғандықтан өзендегі су деңгейі едәуір көтерілді. Кей жерлерде ол тұрғын үйлердің аулаларына жайылды. Іле ауданының әкімі өткізген шұғыл кеңестен кейін Қарулы күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды.

– Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ауыл тұрғындарына өзеннің жағасын нығайту жұмыстарын жүргізу үшін 43 десантшы-әскери қызметшіні көмекке жіберді. Сарбаздар тынымсыз өте жылдам жұмыс істейді. Жармұхамбет ауылының тұрғындары оларға көмек көрсеткені үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп жатыр, – деді Алматы облысы Іле ауданы әкімінің орынбасары Алмас Бөкенаев.

Екі күнде тұрғын үй алаптарын су басуына жол бермеу мақсатында 800 метрден астам су бөгеу құрылыстары, оның ішінде 2500-ден астам қапшық төселді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. 300 десантшы Жайық, Шаған, Дерқұл өзендерінің жағалауларын және олардың Чапаев, Жайық, Теректі, Дарьин және басқа да қала маңындағы аудандардағы салаларын нығайтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив