Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
465.74 531.08 5.92

Абай облысы ПД қызметкерлері бірқатар интернет-алаяқтықтардың бетін ашты

24-03-2023, 10:33 Думан Кенжеғазыұлы

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтықтарды ашты.


Мәселен, Семей қаласының тұрғындары интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырып, терезе пластиктерін жасау және орнату сылтауымен өз сатып алушыларын алдап, алаяқтық жолмен банктік шоттардың көрсетілген деректемелеріне қызмет ақысын төлеуді сұраған. Алайда, пластикалық терезе жеткізушілері тапсырыс берушілерге қызмет көрсетпеген. 


Келтірілген залал көлемі  600 мың теңгеден асады.


Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатыстары бар-жоғын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. 


Ақпараттық технологияларды біздің өміріміздің барлық аспектілеріне кеңінен енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етуде. 


Жыл басынан бері осындай 1500 қылмыс тіркелген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив