Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған

24-01-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

IT-мектеп-лицейінде Семей қаласының жалпы орта мектеп директорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Семей қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Елдос Оразалин қала бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде, жұмыстың белгілі бір нәтижелері бар.

2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданған шаралардың арқасында Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы азайған.

Оқу орындарымен ынтымақтастық кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив