Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Семей қаласында «Тоқта, алаяқ!» акциясы өтеді

28-01-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Интернет алаяқтық – көзбен көре алмайтын, қолмен ұстай алмайтын экранның арғы жақ бетіндегі алаяқтар. Оларға сіздің банк есепшотыңыздың нөмірі және оның ішіндегі қаражатыңыз ғана керек. Осы мәселені алдын алу мақсатында Семей қаласының әкімдігінде арнайы жиын өтті

Жиынға қала әкімі Талғат Мұратов, Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайрат Абдығалиев, Семей қаласының прокуроры Дәулет Кенжебеков, жоғары оқу орындарының өкілдері, Жастар Ресурстық орталығының мамандары және бөлім басшылары қатысты.

Жыл басынан бері Семей қаласында 39 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, соның салдарынан азаматтар жалпы сомасы 52 млн теңгеден астам шығынға батқан. Полиция қызметкерлері алаяқтарды табу жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында арнайы үш күндік «Тоқта, алаяқ!» акциясы өтеді. Іс-шараға полиция қызметкерлерінен бөлек жоғары оқу орындарының волонтер-студенттері, қала волонтерлері белсенді түрде қатысатын болады.

Талғат Мұратов жиын барысында акцияның басты аудиториясы ретінде мектеп оқушыларын, олардың ата-аналарын және ұстаздарды қамту керектігін айтты.

«Интернет алаяқтықпен күресу үшін ересектердің ғана емес, жастар мен балалардың да ақпараттық сауаттылығын арттыру маңызды. Осы мақсатта біз мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары, ұстаздарымен арнайы жұмыстар жүргізуіміз керек», - деді қала әкімі.

«Тоқта, алаяқ!» акциясы сияқты шаралар қала тұрғындарын интернет алаяқтарынан қорғауға бағытталған маңызды қадам. Интернет алаяқтарынан сақтаныңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив