Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстанның курорттық аймақтарында 3 әуежай салынады

28-01-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы мәлімдеді. Бектеновтың айтуынша, қажетті авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Катонқарағай және Кендірліде пайда болады. 

Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, көлік-логистикалық әлеуетті ашу үшін Ақтауда әуе хабын құру, Мойынты-Қызылжар теміржол желісінің, сондай-ақ Алтынкөл-Жетіген учаскесінің екінші жолының құрылысын бастау жобасы әзірленуде. . Биыл Достық-Мойынты темір жолы мен Алматы айналма жолының құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив