Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Мемлекеттік шығыстар 410 млрд теңгеге қысқартылды

28-01-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру және бюджеттік тәртіпті нығайту аясында Қазақстан Үкіметі қаржы ресурстарының пайдаланылуына бақылауды күшейтті.

Мәселен, цифрлық құралдарды енгізу арқылы бюджет қаражатын әлеуметтік салаға жұмсау кезінде тәртіпті қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Атап айтқанда, балабақшаларды қаржыландырудың ашықтығы қамтамасыз етілді. Мектепке дейінгі білім берудің ваучерлік жүйесі пилоттық режимде сынақтан өткен Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында қосымшаларды жою арқылы 20 миллиард теңгеден астам қаржы үнемделген.

«Әлеуметтік әмиян» да көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың атаулылығын күшейту құралына айналуда. Ол арқылы балалардың тамағы мен мұқтаж жандардың дәрі-дәрмек ақысын төлей бастады. Сонымен қатар, имидждік іс-шаралар мен жол жүру ақысын қоса алғанда, ағымдағы шығыстар 410 млрд теңгеге қысқартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив